Балқашта ұсталған күдіктіні ұрып-соғып, азаптаған 4 полицей сотталды

None
None
БАЛҚАШ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының Балқаш қалалық сотында полиция бөлімінің төрт қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қаралды. Бұрынғы тәртіп сақшыларына ұсталған адамның денсаулығына ауыр зиян келтірді деген айып тағылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Төрт полицейге күдіктінің денсаулығына ауыр зиян келтірді деген айып тағылды. Балқаштың 44 жастағы тұрғыны педофилия күдігімен ұсталған.

Тергеу материалдары бойынша 2019 жылғы 30 қазанда полиция бөлімінің ғимаратында болған төрт полицей айыпталушыдан оның қылмыс жасағанын мойындату мақсатында ерекше қатыгездікпен, қорлаумен, сондай-ақ жәбірленушіні газтұтқыш пен таяқшаны пайдалана отырып, азаптағаны және тұншықтырғаны белгілі болды.

Дене жарақатын алған соң жәбірленуші шұғыл түрде Балқаш қаласының орталық ауруханасына жеткізіліп, онда оған ота жасалды.

Сотталушылардың кінәсі жәбірленушінің айғақтарымен, тергеу әрекеттерінің хаттамасымен, сараптама қорытындысымен және басқа да айғақтармен дәлелденді.

Прокурор сотталушыларды кінәлі деп тануды және оларды 10, 9 және 8 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған болатын.

Алайда, қорғаушы тарап сотталушыларды олардың әрекетінде қылмыс құрамының болмауына байланысты ақтауды сұрады.

«Жасалған қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауіптілігін, сотталушылардың қоғам үшін жоғары қауіптілігін, қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлардың болуын, жәбірленушінің қатаң жаза тағайындау туралы пікірін, сондай-ақ сотталушылардың қылмыс жасағаннан кейінгі мінез-құлқын ескере отырып, сот сотталушыларды қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтей отырып, 3 жыл мерзімге мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айыра отырып, 10 және 9 жылдан бас бостандығынан айыруды тағайындады. Сонымен қатар, сот сотталушыларды арнайы атақтардан айырды. Екі сотталушыға басқаларына қарағанда қатаң жаза тағайындауы олардың жәбірленушіге физикалық азап келтірудегі белсенді рөліне байланысты болды», - деп хабарлады Балқаш қалалық сотының баспасөз қызметі.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.


Соңғы жаңалықтар