Балқашта туризмді дамытуға халықаралық мамандар көмектеспек

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында алдағы бес жылда Балқаштағы туристер ағымын екі есеге арттыру мақсаты қойылып отыр. Бұл туралы ҚазАқпарат әкімдіктің сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Балқашта туризмді дамыту үшін не істеу керектігін және қажетті ұсыныстарды халықаралық мамандар айтатын болады.

 «Жолдауда ерекше назар экономиканың ең қарқынды өсіп келе жатқан секторы - туристік саланы дамытуға аударылып отыр. Президент туризмді дамыту бойынша шаралар қолдануды тапсырды, жәнеде бірінші кезекте еліміздің топ-10 туристік нысандары тізіміне енген Балқаш маңындағы аймақты жетілдіру тапсырды. Біз Балқаш бойынша шебер-жоспар құруды аяқтағалы жатқан McKinsey & Company халықаралық консалтингтік компаниясын жұмылдырдық», - деп атап өтті өңір басшысы Ерлан Қошанов Елбасының Жолдауында қойған міндеттерін талқылау бойынша аймақ активінің отырысы барысында. 

2023-ші жылға қарай еліміздің ЖІӨ-дегі туризм үлесін 8%-ға дейін ұлғайту қажет. 

«Біздің мақсатымыз - 2023-ші жылға дейін тек Балқаштың өзінде-ақ туристік ағымды екі есеге арттырып, 160 мың адамға дейін ұлғайту», - деді облыс әкімі. 

Ол сонымен қатар, Қарқаралы және Ұлытау аудандарында туризмді дамыту бойынша да шебер-жоспарлар құруды тапсырды. 

Соңғы жаңалықтар