Балқашта тағы бір әдеби аялдама пайда болды

None
None
БАЛҚАШ. ҚазАқпарат - Балқашта аялдамаларды қазақ халқының мықты тұлғаларының суретімен безендіру жалғасуда. Бүгін «Рухани жаңғыру» бағдарламасының құрылған күні №1 орта мектептің жанында тағы бір әдеби аялдама пайда болды. Оны қала педагогтары безендірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әдеби аялдама материалдары Қарағанды облысының Ақтоғай ауданының тумалары - Әлихан Бөкейханов, Жақып Ақбаев және Әлімхан Ермеков туралы баяндайды. Балқаштықтар QR код арқылы олардың өмірбаянымен және ең танымал еңбектерімен таныса алады.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы Балқашта екі әдеби аялдама пайда болған еді. Павильондардың бірі Абайдың 175 жылдығына арналған. Оның ішкі жағында ұлы ақын мен ойшылдың бейнесін, оның өмір сүрген жылдары туралы мәліметтерді, сондай-ақ «Толық адам» философиялық формуласының негізгі қағидаларынан қазақ және орыс тілдеріндегі үзінділерді көруге болады. Аялдаманың сыртқы жағында Балқаштың логотипі мен әнұраны орналасқан.

Екінші павильон Әл-Фарабидің құрметіне безендірілген. Ол Абайға арналған аялдамаға қарама-қарсы орналасқан, онда да фотосуреттер, қысқаша өмірбаян мәліметі, ғалым мен философтың еңбектерінен үзінділер бар.

Бұл жұмысты мәдениет қызметкерлері жеке кәсіпкер Бақтияр Мырзабаевтың демеушілігімен Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге дайындық аясында ұйымдастырды.

Қаладағы автобус аялдамаларын безендіру жұмыстары одан әрі жалғасатын болады.


Соңғы жаңалықтар