+7 (701) 759 90 19
USD 435.76 EUR 493.41
RUB 5.89 CNY 68.37
Jańalyqtar

Балқашта «Сарыарқаның көшпелі мәдениеті» фестивалі өтті

2021 жылғы 17 қыркүйек 15:20
Бөлісіңіз:
Балқашта «Сарыарқаның көшпелі мәдениеті» фестивалі өтті

БАЛҚАШ. ҚазАқпарат – Балқашта «Сарыарқаның көшпелі мәдениеті» облыстық фестивалі өтті. Іс-шара алғаш рет ұйымдастырылып отыр және Қарағанды облысының барлық өңірлерін қамтиды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Президент Телерадиокешені «Абайдың қара сөздері» киножобасын түсіріп бітті Алматы облысында мәдениет үйі пайдалануға берілді ҚХА мүшелері қазақстандықтарды Тұңғыш Президент күнімен құттықтап жатыр

Фестиваль ұйымдастырушылары – облыстық бос уақыт және халық шығармашылығының ғылыми-әдістемелік орталығы және мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы қазақ халқының мәдениетін шығармашылық, музыка, қолөнер, ойын және спорт арқылы көрсетуді мақсат етеді.

«Шараға орай М. Хамзин атындағы Балқаш мәдениет сарайы ұлттық нақышта безендірілді. Келушілер назарына «Шеберлер қаласы» халық қолөнершілерінің экспозициясы ұсынылды. Мұнда киіз кілемдерді, текеметтерді, зергерлік бұйымдарды, ұлттық костюмдерді және т. б. көруге болады. Сондай-ақ ұлттық тағамдар көрмесі өтті. Жергілікті спортшылар қазақ күресі, асық ату және тоғызқұмалақ ұлттық спорт түрлерінен өз шеберліктерін көрсетті», - деп мәлімдеді Балқаш қаласы әкімдігінде.

Қазылар алқасы балқаштықтардың шығармашылық дарындарын да бағалады.

«Сайын далам – Сарыарқа» театрландырылған қойылымына әншілер мен айтыскерлер қатысты.

Қыркүйек айында «Сарыарқаның көшпелі мәдениеті» Осакаров, Бұқар жырау, Нұра, Абай аудандарында, сондай-ақ Қарағанды мен Теміртауда өтеді.

Фестиваль аяқталғаннан кейін үздік шеберлер мен орындаушылар желтоқсан айында облыс орталығында өтетін гала-концертте өз өнерлерін көрсетеді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Агата Мухамеджанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT