Балқашта қарақшылық шабуыл жасаған Атырау тұрғыны ұсталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Балқаш қаласындағы ІІБ криминалдық полиция қызметкерлері қалада қарақшылық шабуыл жасаған Атырау қаласының 35 жастағы тұрғынын қолға түсірді.

Бұл туралы Қарағанды ІІД баспасөз қызметінен хабарланды.

«5 қаңтар күні Балқаш қалалық ІІБ криминалдық полициясы қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын өткізу барысында 2 қаңтарда қалалық дүкендердің бірінің сатушысын пышақпен қорқытып, бірнеше рет басынан ұрып, дүкеннен ақша алып кеткен Атырау қаласының 35 жастағы тұрғынын ұстады», - деп хабарлады оқиғаның егжей-тегжейін баспасөз қызметінен.

Сатушы ұсталған азаматты таныды. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау абақтысына қамалды, оған қатысты ҚР ҚК-нің 192 бабы («Қарақшылық шабуыл») бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар