Балқашта хабар-ошарсыз кеткен 19 жастағы бойжеткеннің денесі табылды
2021 жылғы 3 қараша 23:48

Балқашта хабар-ошарсыз кеткен 19 жастағы бойжеткеннің денесі табылды

БАЛҚАШ. ҚазАқпарат - Із-түзсіз жоғалған 19 жастағы бойжеткеннің денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қызды іздеу жұмыстары 2 қарашада басталған болатын. Бойжеткен сол күні үйден шығып кетіп, қайтып оралмаған. Анасы шұғыл полицияға хабар берген.

Полиция мен жоғалғандарды іздейтін волонтерлер қозғалысы бірден іске кірісті.

«2 қарашада Балқаш қаласы полициясының кезекші бөліміне 55 жастағы қала тұрғынынан өтініш түсті. Ол 19 жастағы қызының хабар-ошарсыз кеткенін мәлім еткен. Бұл факті тіркеліп, полицияның бүкіл жеке құрамы бойжеткенді іздеуге жұмылдырылды» делінген Қарағанды облыстық полиция департаменті таратқан мәліметте.

Бүгін, 3 қараша күні іздеу жұмыстары кезінде Балқаш көліне жақын маңнан 19 жастағы қыздың денесі табылды.

Мәйітте көзге көрінетін азаптау белгілері байқалмайды. Қыздың өлімінің алдын ала себебі - ағзаның аязға үсуі.

«Аталған жағдай негізінде бүкіл сараптама тағайындалды, өлім себебі анықталып жатыр» деп түйіндеді департаменттің баспасөз қызметінен.


Ұқсас жаңалықтар

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT