Балқашта еріктілер зейнеткердің өртенген пәтерін жөндеп берді

БАЛҚАШ. ҚазАқпарат – Балқаштық зейнеткер оттан аман қалып қана қоймай, жанашыр жандар оның пәтерін қалпына келтіруге көмектесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ақпан айының ортасында өрт бөлімшесінің пультіне көбқабатты үйлердің біріндегі пәтерді от шарпығаны туралы хабарлама келіп түсті.
Бір бөлмелі үйдің жиһазы жанып, ішінде 69 жастағы қария болғаны анықталды.
Өрт 10 минутта өшірілді. Ер адам I және II дәрежелі күйік алып, ауруханаға жеткізілді.
Зардап шегушінің пәтері түгелдей өртеніп кеткен. Бөлме қоқысқа толып, жылу жүйесі мен сумен жабдықтау құбырлары тозған.
Бұл туралы ақпарат әкімдікке берілді. Қалалық мәслихат депутаты Болат Мусин зейнеткерге өз еркімен көмегін ұсынды.
Оған «Горкомхоз-2012» ЖШС қызметкерлері қолдау көрсетті.
Балқаштың «күміс» еріктілері барлық қоқысты пәтерден шығарып, жөндеу жұмысын жүргізді.
Қабырғалар ескі тұсқағаздардан тазаланып, терезелер, есіктер сырланды, едені жылытылды.
Олар тіпті қажетті жиһаз алып келген.
Барлық қажетті заттарды бірлесіп жинады.
Нәтижесінде емделіп шыққан зейнеткер жаңартылған пәтерге оралды.
- «Нұр-Сұлтан – Теміртау» трассасын су басты
- Коронавирус: Қарағанды облысында жаңа шектеулер енгізіледі
- Қарағанды облысына 24 мыңға жуық доза коронавирусқа қарсы вакцина жеткізілді
- Қарағанды облысында су тасқыны қаупі бар учаскелер әуеден бақыланды
-
Қарағанды облысында 12 сәуірден бастап шектеу шаралары күшейтіледі
-
Қарағандылықтар заңсыз қару мен оқ-дәріні тапсырып, сыйақы ала алады
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам