Балқашта ер адам мотоциклімен суға құлап кетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Балқашта ер адам мотоциклімен бірге суға құлап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қарағанды облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«26 жастағы азамат мотоцикліне мініп, балық аулау үшін Балқаш көлінің оңтүстік жағалауына Корс, Томар аралдарына бағыт алған. Ол сол бойы қайта оралмады. Құтқару-іздестіру жұмыстары 28-29 наурыз күндері жүргізілді. Іздестірілген аймақ 159 шаршы метрді құрады»,-делінген хабарламада.

Осылайша, 29 наурыз күні сағат 11-30-дар шамасында жоғалған балықшы табылып, ол Балқаш қаласына жеткізілді.

Балықшының айтуынша, оның мотоциклі суға түсіп кетіп, өзі жақын маңайдағы баспаналардың біріне жаяу жеткен. Ер азамат медициналық көмекті қажет етпеді.



Соңғы жаңалықтар