Балқашта демалушының ақшасын ұрлаған күдікті ұсталды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Балқаш қаласының демалыс орындарының бірінде демалып жатқан теміртаулық ақшасының ұрланғанын айтып шағымданған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, 22 шілде күні Теміртаудың 37 жасар тұрғыны Балқаш қаласының демалыс орындарының бірінде демалып жатқанда қонақ үй нөмірінен ақшасының жоғалтқан.

Полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтаған соң, 29 жастағы ер адамды ізін суытпай қолға түсірді. Ол бұған дейін де ұрлық жасағаны үшін сотталған болып шықты. Күдікті істеген ісін мойындап, демалушының бейқамдығын пайдаланып, есігі ашық нөмірдегі әмиянынан 300 доллар (115 500 теңге) ұрлағанын мойындаған.

Ұрлыққа қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы 2-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Қарағанды облысының Полиция департаменті демалып жатқан адамдарға сақ болуға кеңес береді. Тәртіп сақшылары жеке заттарға ие болып, нөмір мен көлік есігін ашық қалдырмауды сұрайды.

Соңғы жаңалықтар