Балқашта биыл 100-ге жуық отбасы баспаналы болады

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - 2018 жылы Қарағанды облысы Балқаш қаласында «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында  45 пәтерлі екі тұрғын үй пайдалануға беріледі, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алу үшін кезекте 1022 адам тұр. Оларды пәтермен қамтамасыз ету үшін 43 мың шаршы метр баспана тұрғызу қажет. Ағымдағы жылы Қоңырат мөлтекауданындағы 48 пәтерлі екі тұрғын - үй Зайцев көшесі 18 "а" және Русаков көшесі 10-ыншы үйлерде жалпы аумағы 4 мың 200 шаршы метр алаң қайта қалпына келтіріледі» - деді Балқаш қаласының әкімі Александр Аглиулин.

Оның айтуынша, өткен жылы баспана кезегінде тұрғандар үшін 60 пәтерлі тұрғын үй, сондай-ақ қала кәсіпкерлерінің жеке инвестициялары есебінен қайта жөнделген Сейфуллин көшесіндегі 27 пәтерлі үй пайдалануға берілді. 

Балқаштықтар сондай-ақ тұрғын үй жинағы жүйесіне де белсенді қатысуда. Бүгінде Балқаштың 3500 тұрғыны «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде» шот ашқан. Биылғы жылы оларға «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында жайлылық деңгейі үшінші санаттағы 45 пәтерлі екі үй пайдалануға берілмек. 

Александр Аглиулиннің мәлімдеуінше, 2017-2020 жылдарға дейін өңірді дамыту бағдарламасы аясында қалада 5885 шаршы метр үй тапсырылады. Осыған орай 2019 жылы кезекте тұрғандар үшін жалдамалы 45 пәтерлі екі тұрғын үйдің құрылысы жоспарға алынды, жобалау-сметалық құжаттар қолға алынды. 

Сонымен қатар, 2017 жылы бюджетті орындау қорытындысы бойынша тұрғын үй-коммуналдық және қаланың әлеуметтік мәселелерін шешу үшін 600 млн теңге бағытталған болатын. Осыған орай әлеуметтік саланың барлық жекелеген шығыны 2018 жылы бюджеттің ортақ көлеміне сәйкес 55 пайызды құрады, бұл 5 млрд теңге шамасында. 

Соңғы жаңалықтар