Балқашта бетонның ойығына қысылып қалған бала құтқарылды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының құтқарушылары темірбетонның ойығына қысылып қалған 5 жасар баланы алып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өңірдің ТЖД мәліметтеріне сенсек, 15 қыркүйек күні Балқаш қаласының Ескі алаң кентінде тұрғын үй маңында ойнап жүріп, диаметрі 300 миллиметрлік темірбетонның ойығына қысылып қалған 5 жасар бала құтқарылды.

Дәл осындай жағдай Бұқар жырау ауданының Ботақара ауылында да тіркелген. ТЖД құтқарушылары қолы жанармай багына қыстырылып қалған КамАЗ жүргізушісін құтқарып қалды.

2018 жылдың басынан бері Қарағанды облысы ТЖД құтқару бөлімшелері 580-ден астам әртүрлі апаттық-құтқару жұмыстарын атқарып, 608 адамды аман алып қалған. 

Соңғы жаңалықтар