Балқашта әріптесіне оқ атқан әскери қызметкер қамауға алынды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Балқаш қаласында әскери қызметкердің оққа ұшуына қатысты оқиға тергеліп жатыр. Бұл туралы ҚазАқпарат Бас әскери прокуратураға сілтеме жасап хабарлайды.
«Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. ҚР ІІМ Орталық өңірлік Әскери тергеу басқармасының Қарағанды бөлімімен ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды. Қорғаныс министрлігінің 53898 әскери бөлімінің зардап шеккен әскери қызметкеріне ота жасалды, оның жағдайы өте ауыр. Оның күдікті әріптесі 31 мамырда ұсталып, Балқаш қаласындағы уақытша ұстау изоляторына қамалды», - делінген хабарламада.

Оқиғаға қатысты кешенді жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде.


Соңғы жаңалықтар