Балқашта әкімдік пен ХҚКО ғимараттарынан жарылғыш зат іздестіріліп жатыр

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы Балқашта әкімдік пен ХҚКО-да бомба қойылған деген ақпарат келіп түсуіне байланысты іздеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы ІІД баспасөз қызметінің басшысы Құдияров хабарлады.

«Полицияның учаскелік инспекторының телефонына әкімдікте, ХҚО-да жарылғыш зат қойылды деген СМС хабарлама түсті. Оқиға орнына шұғыл қызмет жетті. Екі ғимараттан 100-ге жуық адам эвакуацияланды», - деді Құдияров.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта іздеу шаралары жалғасуда.

Соңғы жаңалықтар