Балқашта әкімдік қызметкері көлікті мас күйінде басқарған

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат -  Этика кеңесі көлікті мас күйінде басқарғаны үшін Балқаш әкімі аппаратының басшысы Болат Асылбековке қатаң сөгіс жариялауды ұсынды, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

16 сәуірде түнгі 3-те жол-патрульдік полицейлер Балқашта Шкода көлігін  мас күйінде басқарып келе жатқан қала әкімі аппаратының басшысын тоқтатады. Оны наркологиялық диспансерге жеткізді, нәтиже жеңіл түрде алкоголь тұтынғанын көрсетті. 

Көлік әкімдікке тиесілі болған. Оған қатысты ӘҚтК 60-бабы 1-бөлігі бойынша хаттама толтырылды. Сонымен қатар мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті қызметтік тергеу жүргізді. Тергеу нәтижесі сәрсенбі, 17 мамырда Этика кеңесінде жарияланды.

null 

 «Көлікті тоқтатқан кезде Болат Асылбеков қарсылық танытқан», - деді департаменттің бас маманы Ерқанат Мәжитов.

Аппарат басшысы кінәсін мойындады. Жұмыстан тыс уақытта сыра ішкенін хабарлады. Алайда оны күтпеген жерден қызметке шақырған.

Кеңес мүшелерінің бірауызды шешімімен оған қатаң сөгіс жарияланды. 

null 

Соңғы жаңалықтар