Jańalyqtar
Балқашта 14 жасар оқушы қызды өлтірген күдікті анықталды
2014 жылғы 9 қараша 09:09
Бөлісіңіз:

АСТАНА. ҚазАқпарат - 7 қарашада Балқаш қаласының Орталық саябағында көптеген пышақ жарақаттары болған 2000 жылғы бойжеткен табылды.
Бұл туралы ақпарат облыстық ІІД-не келіп түсті, деп хабарлады ҚазАқпарат агенттігіне Қарағанды облысының аға прокуроры Асхат Ахметов.
Қала мектептерінің бірінде сегізінші сыныпта оқыған бойжеткен ауруханаға барар жолда көз жұмды.
Оны өлтіруде күдікті 1995 жылғы азамат анықталды. Қылмыстық іс қозғалды.
Облыстық ІІД-нің баспасөз қызметшісі Бақытжан Құдияровтың ҚазАқпаратқа хабарлағанындай, бұл адам өлтіру оқиғасының анық-қанығы туралы журналистерге дүйсенбі күні хабарланады.
Пікір қалдыру
Сондай-ақ... оқыңыз
- Қарағанды облысында жыл басынан бері 107 өрт оқиғасы тіркелді
- Петропавлда үш аялдаманы қиратқандар шығынды өз қалталарынан өтейді
- Қарағанды облысында оқушылары коронавирус жұқтырған 6 мектеп карантинге жабылды
- Атырауда танысының 2 млн-нан астам теңгесін алдап алған алаяқ сотталды
-
Шымкентте қонақүйлердің бірінде емін-еркін жүрген арыстан зообаққа өткізілді
-
Ақтөбеде мүгедек ерлі-зайыптыны көсеумен ұрған күдікті ұсталды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам
ONLAIN QYZMETKERLER