Балқашқа жаңа әкім келді

None
None
БАЛҚАШ. ҚазАқпарат - Балқаш әкімі болып Ораз Таурбеков тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат әкімдік сайтына сілтеме жасап.

Облыс әкімі Ерлан Қошановтың Балқашқа жұмыс сапары барысында депутаттар мен қала белсенділеріне жаңа басшыны таныстырылды.

Ораз Қасейінұлы Таурбеков 1968 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген. Үш жоғары білімі бар.

1998 жылы Қарағанды қаласы бойынша салық комитеті басшысы,.

ҚР Көлік, коммуникация және туризм министрлігінің «Казмортрансфлот» Ұлттық теңіз кеме компаниясы басқармасының төрағасы қызметтерінде болған.

2001-2002 жылдары Павлодар облысы бойынша Салық департаментін, 2002 жылы Астана қаласында басшылық қызметтерде болды.

Сондай-ақ, 6 жылдан астам ірі коммерциялық құрылымдарда басқарушы лауазымдарында болған.

2011 жылы ҚР Қаржы министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитеті төрағасының орынбасары, 2013 -2017 жылдары Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі, ал 2017 жылдан бастап осы тағайындауға дейін облыстың Экономика басқармасы басшысы қызметтерін атқарды.

Соңғы жаңалықтар