Балқашқа келетін туристер санын 160 мыңға жеткізу көзделіп отыр

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Жыл сайын Балқаш қаласына 80 мың турист келеді. 2021 жылға қарай бұл көрсеткішті 160 мыңға дейін ұлғайту көзделіп отыр, деп хабарлайды өңір басшысының ресми сайты.

Мамандардың айтуынша, туризмді дамытуда қаланың әлеуеті зор. Сондықтан алдағы уақытта шаһарды дамыту және абаттандыру жұмыстарын жандандыру қажет.

Бүгінгі таңда курорттық аймақта 53 туристік нысандар: үйлер мен демалыс орындары орналасқан.
Балқашқа жұмыс сапары барысында Ерлан Қошанов бұл аймақты демалушылар үшін тартымдырақ етуге бағытталған іс-әрекеттер жоспарымен танысты.
- Балқаш курорттық аймағы республикалық туристифация картасының ТОП-10-ына кірді. Атқарушы билік оның дамуына барынша жәрдемдесуі тиіс. Мұнда туристік инфрақұрылымды жақсартуға қаражат салатын маңызды инвесторларды тарту үшін оларға жағдай жасайтын боламыз, - деді Ерлан Қошанов.



Инвесторларға жаңа демалыс орындарын салу үшін бірінші жағалау аумағында бос жер учаскелерін ұсынады.
Қала аумағында орналасқан демалыс орындарын да дамыту және жақсарту жоспарда бар. Мысалы, қала маңындағы жағажайларды абаттандыру және аттракциондар мен судағы ойын-сауық кешендерін орнатып, абаттандыру жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Ол үшін алаң таңдалып, жоба әзірленіп те қойған.

Балқаш көліндегі демалыс орындары туралы анағұрлым көбірек xалық білуі үшін 16 маусым күні Балқашта Халықаралық туристік форум өтеді.



Аталмыш шараға отандық және шетелдік туроператорлар қатысады. Бағдарламаға ақпараттық тур, Бектауата қорығына саяxат және Приозёрск қаласында орналасқан "Балқаш" емдеу-сауықтыру кешеніне экскурсиялар, теплоход круизі және Oceanman алыс және жақын арақашықтыққа жүзу шарасы енгізілген.

Соңғы жаңалықтар