Балқаш тұрғындары екі күн бойы сусыз отырды

None
БАЛҚАШ. ҚазАқпарат – Балқаш қаласында 80 мыңға жуық тұрғын екі тәулікке жуық ауыз сусыз отырды. Оған магистральды құбырдағы апат себеп болды. Жөндеу жұмыстары аяқталды, бүгін қалаға су кезең-кезеңімен беріле бастайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Балқаш қаласының сорғы станциясы ауданындағы магистральды су құбырында 4 сәуірде ірі апат болған.

Алдымен мамандар диаметрі 800 мм құбырдың қақпа клапанының камерасынан суды сорып алуға күш салды.

Нәтижесінде апатқа диаметрі 300 мм іргелес құбырдың жарылған клапаны себеп болғаны анықталды.

«Суды айдау ысырмаға қол жеткізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік берді, қоңырау (ысырма қақпағы) алынып тасталды, осылайша диаметрі 800 мм негізгі құбырдан суды толық ағызу үшін өткізу қабілетін арттырдық. Суды айдау жалғасып жатыр, өйткені су құбырдан әлі де келіп жатыр, сонымен қатар апаттық-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде», - деді Балқаш қаласының басшысы Қайрат Қамзин кеше кешке.

Бүгін әкімдікте жөндеу бригадалары диаметрі 400 мм болатын ағызу құбырында клапанды бөлшектегенін хабарлады.

Диаметрі 800 мм негізгі құбырдағы жөндеу жұмыстары аяқталды. Шаһар билігі бүгін бүкіл қала бойынша су кезең-кезеңімен берілетініне уәде етті.

«Ақауды жөндеу жұмыстары аяқталды. 6 сәуір сағат 13:20-да сумен жабдықтау жүйесі іске қосылды. Қаланың су құбыр жүйесінде сумен гидравликалық соққы болмас үшін магистральды және орамішілік желілерге су кезең-кезеңімен төмен қысыммен жіберіледі. Қаланың жүйесі бүгін тәулік ішінде сумен жабдықталады», - деп хабарлады қала әкімдігі.


Соңғы жаңалықтар