Балқаш пен Қарағандыда ауа сапасы нашарлайды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК еліміз қалаларындағы 27 маусым күнгі метеорологиялық ахуал туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін ауа сапасы Балқаш пен Қарағандыда нашарлайтыны болжанады. Айта кетейік, аталмыш қалаларда метеожағдай 26 маусым күні де жағымсыз болды.

Еліміздің өзге шаһарларында атмосфералық ауаның ластануы күтілмейді.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар