Балқаш пен Алакөлде браконьерлікпен айналысқан 14 адамның үстінен іс қозғалды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында Балқаш-Алакөл бассейнінің су айдындарында браконьерлікпен айналысқан 14 адамның үстінен қылмыстық іс қозғалды. Қазір аталған фактілер бойынша тергеу жүріп жатыр, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биыл Алматы облысында 4 айда балық шаруашылығында 200-ден астам заң бұзу фактілері тіркеліп, 59 іс сотқа жолданды. Тағы 14 қылмыстық іс бойынша тергеу жалғасып жатыр. Браконьерлерден заңсыз ауланған 4 тонна балық, 5 жүзу құралы тәлкіленді.

Бүгін Қапшағай қаласында өткен арнайы штаб отырысында сала мамандары кешенді жоспар құрып, су айдындарында инспекторлар санын арттырып, заңбұзушыларға қатаң шаралар қолдану мәселесін талқылады.


«Заңсыз балық аулаумен айналысқан тұлғаларды қолға түсіріп, олардан қайықтарын немесе көлік құралдарын тәркілеп, біздің балансқа аударуға болады. Мемлекет бізге осындай мүмкіншілік беріп отыр. Осы тәркіленген заттарды инспекция балансына, теңгеріміне ала алады Сондықтан біз осы бағытта үлкен жұмыс істеп жатырмыз», - деді ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Балық шаруашылығы комитеті төрағасының орынбасары Аян Бахиянов.

Алдағы уақытта Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Ішкі істер министрлігімен бірлесіп өзен-көлдерде арнайы рейдтік тексерістерді жиі өткізетін болды.


Соңғы жаңалықтар