+7 (701) 759 90 19
USD 426.77 EUR 509.95
RUB 5.89 CNY 66.34
Jańalyqtar

Балқаш көлінен 650 кг балық аулаған браконьер ұсталды

2020 жылғы 22 қараша 08:42
Бөлісіңіз:
Балқаш көлінен 650 кг балық аулаған браконьер ұсталды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат- Алматы облысында Балқаш көлінен 650 кг балық аулаған браконьер ұсталды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Талдықорғандағы тергеу изоляторында жаңа қызмет түрі пайда болды Шалқар көлінің табанын тазарту жұмысы мерзімінен бұрын бітуі мүмкін Алматы облысының тауларында адасқан екі қыз құтқарылды

Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жалпы бір апта ішінде тәртіп сақшылары браконьерлерден 800 келіден астам заңсыз ауланған балықты тәркіледі.

ҚР ҚК 335-бабының 3-бөлігі 5-тармағы бойынша сотқа дейінгі тегеудің бірыңғай тізілімінде тіркелген балықты заңсыз аулау дерегі бойынша Жамбыл ауданы Үлкен кентінің 36 жастағы тұрғынынан құқық қорғау органдары моторы бар пластик қайықты, 1000 метр мононитті Қытай желілерін, 79 кг балық тәркіледі. Аталған қылмыстық іс сотқа жолданды.

Сондай-ақ, Балқаш ауданының Қарой ауылында 52 жастағы жергілікті тұрғыннан 650 кг балық тәркіленді. Аталған дерек ҚР ҚК 335-бабы 1-бөлігі бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT