Балқаш көлінен 12 тонна балық аулаған браконьер ұсталды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Құқық қорғау органдары қызметкерлері Балқаш көлінен 12 тонна балықты заңсыз аулаған 62 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.  

«Алматы-Екатеринбург тас жолында кетіп бара жатқан «DAF FT FX» маркалы көлікті табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері «Уылдырық» жедел алдын алу шарасы аясында тоқтатты. Көлікті тексерген құқық қорғау өкілдері Балқаш көлінен заңсыз балық аулау фактісін ашты. Көлікке жалпы 12 000 келі балық (көксерке, беріш) тиелгенгендігі анықталды», - деді облыстық ішкі істер басқармасы баспасөз қызметінің басшысы Бақытжан Құдияров.

Аталған іс бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Соңғы жаңалықтар