Балқаш көліне балық аулауға кеткен ерлі-зайыптылардың мүрделері табылды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында Балқаш көліне балық аулауға кетіп, із-түзсіз жоғалған ерлі-зайыптылардың мүрдесі табылды. Олар  Шығыс Қазақстан облысына қарасты Аягөз ауданының тұрғындары, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«20 қараша күні  екі адамның өлі денесі Балқаш көлінен табылды. Ерлі-зайыптылар 9 қараша күні Шығыс Қазақстан облысындағы Ақтоғай елді мекені арқылы Балқаш көліне балық аулауға кеткен болатын.  Олардың хабар-ошарсыз жоғалғандығы туралы құтқару қызметіне 11 қараша күні қызы хабарлады», - деді Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің өкілі Азамат Жұртбаев.

Балқаш көліне балық аулауға кеткен ерлі-зайыптылардың жоғалғандығы жөнінде бұған дейін хабарлаған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар