Балқаш көліне балық аулауға кеткен ерлі-зайыптылар табылмай жатыр

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысындағы Балқаш көліне балық аулауға кеткен ерлі-зайыптылар табылмай жатыр. Із-түзсіз кеткен адамдар Шығыс Қазақстан облысына қарасты Аягөз ауданының тұрғындары,  деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі  бұл оқиғаны растады.

«11 қараша күні Төтенше жағдайлар қызметіне ерлі-зайыпты жандардың жоғалып кеткендігі жөнінде қыздары хабарлады. Ал екі адам 9 қараша күні Шығыс Қазақстан облысындағы Ақтоғай елді мекені арқылы Балқаш көліне балық аулауға кеткен. Көлдің маңынан ерлі-зайыптылардың көлігі және киімдері табылды. Бірақ өздері жоқ. Іздестіру жұмыстары жалғасуда», - деді аталған ведомствоның өкілі Азамат Жұртбаев.

Төрт күннен бері хабар-ошарсыз кеткен жандарды төтенше жағдайлар қызметінің бес құтқарушысы  іздестіріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар