Балқаш көлінде желкенді қайықпен жарыстан әлем чемпионаты басталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Балқаш көлінде желкенді қайықпен жарыстан үшінші әлем чемпионатының ресми ашылуы болды. Додаға әлемнің әр түкпірінен 36 команда, 200-ге тарта спортшы қатысуда.

"Желкенді қайықпен жарыстан үшінші әлем чемпионатының Балқаш көлінде өтуі заңды. Негізгі мақсат - бірегей көлдің экологиялық ахуалына қоғамның назарын аудару. Бұл шара Қазақстанда бірінші рет өтіп жатыр. Бұған дейін чемпионат Ресей, Украинада өткен еді. Биылғы чемпионатта Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Балтық жағалуы елдерінен келген спортшылар бағын сынайтын болады"'- деді эколог Мэлс Елеусізов.

Оның айтуынша, Балқаш көлінің басындағы қиын жағдайға Қытайдың саясаты кері әсерін тигізуде. Көлге келетін ағын судың 80 пайызы Іле өзенімен келеді. "Алайда Қытай жағы Іленің суын өте көп мөлшерде шығындауда. Бұл Балқаштың экологиялық ахуалына үлкен нұқсан келтіріп отыр. Биыл көлдегі су деңгейі 1 метрге таязданды. Балқаш мұздықтардың еруінің арқасында сақталып отыр"- деді М.Елеусізов.

Алғашқы сайыс 16 маусымда басталады деп күтіліп отыр. Бүгінгі бірінші қашықтықты бағындыру бойынша жарыс кейінге шегерілді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, күшті жел сайыстың басталуына кедергі келтіруде.

Соңғы жаңалықтар