Балқаш көлінде құтқарушылар кезекшілікке жаңа катермен шықты

Фото: None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды өңірінде құтқарушылар техникасы біртіндеп жаңартылып жатыр. Соңғы жаңалықтардың бірі – жергілікті компания шығарған «Бертіс» көпфункционалды катері қолданысқа берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жаңа катер 1 маусымнан бастап Балқаштағы жауынгерлік кезекшілікке түсті және шомылу маусымы бойы көлдің акваториясын патрульдейтін болады.

«Катер коррозияға ұшырамайтын беріктігі жоғары материалдан жасалған. Ол прожектормен, ажыратымдылығы жоғары теңіз радарымен, 100 м тереңдікте жұмыс істеуге арналған суасты аппаратымен, квадрокоптермен жабдықталған. Жиынтыққа құтқару шеңберлері мен кеудешелер, радиостанциялар, ауа-тыныс алу аппараттары, құрғақ және дымқыл үлгідегі гидрокостюмдер, сүңгуір аяқ киімдер мен қапсырмалар кіреді», - деп хабарлады Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметінен.

Балқаштағы құтқарушыларда 6 жүзу құралы бар. Жаңа жылдам жүретін кеме судағы оқиғалар кезіндегі жеделдікті арттыруға мүмкіндік береді.


Соңғы жаңалықтар