Балқаш көлінде 13 жасар бала суға батып кетті

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында Балқаш көліне 13 жасар жасөспірім батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«4 шілдеде Балқаш көліне 2005 жылғы жасөспірім батып кетті.  Құтқарушылар оның денесін Балқаш қаласының төңірегінен шомылуға арналмаған орыннан тапты», - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз хатшысы Жанна Дәуренбекова.

Қарағанды облыстық ТЖД рұқсат етілмеген жерлерде шомылудың қауіпті екендігін еске салды. Шомылуға тыйым салынған жерлерде қайғылы оқиғалар жиі болады. 

Соңғы жаңалықтар