Балқаш көлі маңында жеңіл моторлы ұшақ апатқа ұшырады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы облысының Балқаш көлі маңында Cessna 182 жеңіл моторлы ұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«17 қазан күні Cessna 182 әуе кемесі чартерлік рейсті орындауы тиіс болған. Сағат 11.15-те ұшақ командирінен ақпарат түсіп, ол алаңнан ұшып шығу кезінде әуе кемесі аударылғанын хабарлады. Бортта экипаждың бір мүшесі және бір жолаушы болды. Олардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ», - деді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінен.

Ведомстводан мәлім еткендей, ұшақ толығымен қираған.


Соңғы жаңалықтар