Балқаш қаласының полицейлері ұрланған көлікті иесіне қайтарып берді

None
None
БАЛҚАШ. ҚазАқпарат – Балқаш тұрғыны дүкенінің жанында тұрған жергілікті кәсіпкердің автокөлігін ұрлап кеткен. Алайда ұры полициядан қашып құтыла алмады. Аз уақыт өткеннен кейін тәртіп сақшылары оны құрықтап, көлікті иесіне қайтарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

11 қыркүйекте Қарағанды облысы Балқаш қаласының полиция бөліміне жеке кәсіпкерлікпен айналысатын 42 жастағы қала тұрғыны жүгінді.

Әйелдің айтуынша, белгісіз біреу оның дүкенінің жанына тұраққа қойған көлігін ұрлап кеткен. Шығын сомасы - 4 млн 500 мың теңге.

«Жедел-іздестіру шаралары барысында жедел-тергеу тобының қызметкерлері 53 жастағы ер адамды ұстады. Күдікті өз кінәсін мойындады. Ұрланған көлік тәркіленіп, жәбірленушіге берілді», - деп хабарлады Қарағанды облысының полиция департаменті.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 200-бабы «Автомобильді ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену» бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Тергеу амалдары жүріп жатыр.


Соңғы жаңалықтар