Балқаш қаласындағы әлеуметтік бейімдеу орталығына кәсіпкер жаңа ғимарат сыйлады

None
None
БАЛҚАШ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының Балқаш қаласында «Үлкен жүрек» даму және әлеуметтік бейімдеу орталығы жаңа кең ғимаратта көшті, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Орталыққа жаңа ғимаратты «Рухани жаңғыру» бағдарламасының іске асырылуы шеңберінде жергілікті кәсіпкер сыйға тартты.

«Үлкен жүрек» орталығы мүмкіндігі шектеулі балаларға көмек береді. Ай сайын мұнда 40 адам келеді. Бүлдіршіндерге педагогтар, психологтар және логопедтер сабақ өткізеді.
Осыған дейін балалар көпқабатты тұрғын үйдегі 4 бөлмелі пәтерде дәріс алатын. Енді «Үлкен жүрек» орталығы жалпы ауданы 253 шаршы метр жаңа ғимаратқа көшті.
Жаңа ғимаратқа көшкелі орталық қызметкерлер штат саны артып, 120 баланы қабылдай алатын болды. Мүмкіндігі шектеулі балалардың жалпы санының 50 пайыздан астамы жеке тұлғаны дамыту және қоғамға сіңісуі үшін әлеуметтік бейімделуге ие болады. Балқаш қаласында қазір мүмкіндігі шектеулі 233 бала бар.
«Үлкен жүрек» орталығы 2009 жылы ашылды. Жұмысқа кіріскен уақыттан бері орталық мамандары 200-ден астам балаларға көмек көрсете алды.

null null null

Соңғы жаңалықтар