Балқаш қаласында террористік қауіптіліктің «сары» деңгейі қалып отыр

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында да террористік қауіптіліктің «қызыл» деңгейі жойылды. Дегенмен, өңірдегі Балқаш қаласында «сары» деңгей сақталып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Терроризмге қарсы операцияның аяқталуы және оны өткізу аймағындағы құқықтық

режимнің әрекеті туралы Терроризмге қарсы күрес жөніндегі республикалық жедел

штаб хабарлады.

Сонымен қатар, Қарағанды облыстық жедел штабы сақталып отырған террористік

қауіпке байланысты Балқаш қаласының аумағында «сары» деңгей енгізген.

«Азаматтардан енгізілген шектеу шараларына түсіністікпен қарауды және мемлекеттік және құқық қорғау органдарының талаптарын мүлтіксіз сақтауды сұрайды», - деп хабарлады Қарағанды облыстық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабында.


Соңғы жаңалықтар