Балқаш қаласында тегін инватакси пайда болды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Балқаш қалалық мүгедектер қоғамы мамандандырылған «Инватакси» автомобилін сатып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қарағанды облысы әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін осындай жаңа жылдық сыйлықты Халық банкі мен «Халық» жеке қайырымдылық қоры жасады.

«Қалада бүгінгі таңда 3 860 мүмкіндігі шектеулі адам тұрады. Олардың 100-ден астамы арнайы автокөлік арқылы тасымалдау қызметіне мұқтаж. Ұзақ уақыт бойы бұл мәселе болды. Тасымалдау бойынша қызметтер мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс қаражаты есебінен жүзеге асырылды. 2019 жылы бұл мақсатқа 3,6 млн теңге бөлінді. 2020 жылы қаржыландыру көлемі 35%-ға артты», - деді Балқаш қаласының әкімі Ораз Тәуірбеков.


Балқаш қалалық Халық банкі филиалының директоры Александра Аглюкова «Балқаш қалалық мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Клара Жақыпбаеваға арнайы автокөліктің кілтін табыс етті. Машина арнайы көтергіш құрылғыларымен жабдықталған. Инватакси жолаушыларды баратын жеріне дейін тегін тасымалдайтын болады.



Соңғы жаңалықтар