Балқаш қаласында оқ жарақатымен екі адам ауруханаға түсті

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысының Балқаш қаласында екі ер адам оқ жарақатымен ауруханаға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 28 шілде күні Балқаш ауруханасына түрлі жарақаттармен қаланың 29 және 28 жастағы екі тұрғыны жеткізілген.

«Балқаш қаласының орталық ауруханасына бетіне терең тимеген оқ жарақатымен 1991 жылы туған ер адам түсті. Медициналық көмек көрсетілгеннен кейін ол амбулаторлық ем қабылдау үшін үйіне қайтарылды. Екінші адамның (1990 жылы туған) жақ сүйегі сынған. Қазір ол одан әрі ем алу үшін Мақажанов атындағы медициналық орталыққа ауыстырылуда», - деп мәлім етті Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.

Аталған дерек Балқаш қаласының полиция бөлімінде тіркелді. Іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері 28, 29 және 34 жастағы үш адамды анықтады.

«Алдын ала мәліметтерге сәйкес, 28 жастағы ер адам жәбірленушілерге травматикалық қарудан оқ атқан. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Факті бойынша ҚР ҚК-нің 293-бабы 3-бөлігімен (бұзақылық) сотқа дейінгі тергеу басталды», - деді Қарағанды облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар