Балқаш автобустарында ONAY жолақы төлеу жүйесі іске қосылады

None
БАЛҚАШ. ҚазАқпарат – Балқаш қаласында қоғамдық көліктерде ONAY! электронды жүйесі іске қосылады. Жоба осы жылдың үшінші тоқсанында жұмыс істей бастайды деп жоспарланған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Балқашта ONAY! жол ақысын төлеудің электрондық жүйесін енгізу туралы келісімшарт орнатылды.

Ынтымақтастық туралы меморандумды Алматы қаласының әкімдігі мен көлік холдингі жасасты.

«ONAY! жүйесінің енгізілуімен қаланың көлік инфрақұрылымында оң өзгеріс болды. Біріншіден, жүйе нақты жолаушылар ағынын көрсетеді. Осыған сүйене отырып маршрут желісін оңтайландыруға, автобустардың дұрыс жүру кестесін құруға болады. Сонымен қатар, жолаушылар мобильді қосымша арқылы көлік қозғалысын бақылай алады», – деп атап өтті Балқаш әкімі Қайрат Қамзин.

Оның айтуынша, электронды жүйені жыл соңына дейін іске қосу жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар