+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Балқаш әуежайы мемлекеттік меншікке берілді

2021 жылғы 21 шілде 20:20
Бөлісіңіз:
Балқаш әуежайы мемлекеттік меншікке берілді

БАЛҚАШ. ҚазАқпарат – Балқаш әуе айлағы жергілікті әкімдіктің коммуналдық меншігіне қабылданды. Жаңа меншік иесіне беру сыйға тарту шарты бойынша жүзеге асырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ақтөбе әуежайында пилоттық режимде цифрлық құжаттар қызметі іске қосылды Қазақстаннан қандай елдерге ұшуға болады

Берілген нысандардың қатарында аэровокзал ғимараты, рульдеу жолы және перрон бар. Толық жаңартудан кейін әуежай үлкен ұшақтарды қабылдай алады.

«Қазақмыс» корпорациясы сараптама қорытындысы бар жобалық-сметалық құжаттаманы ұсынды. Жоба әуежай ғимаратына, перрон мен рульдеу жолына, сондай-ақ арнайы көлік қызметі үшін үй-жай құрылысына қатысты.

Қажетті сома анықталды. 2022 жылы республикалық бюджеттен қаражат бөлінеді деп жоспарлануда. Өтінімді рәсімдеу осы жылы басталады.

Толық қайта іске қосылғаннан кейін Балқашқа 1-ші және 2-ші кластағы (Boeing, Airbus және басқалары) үлкен ұшақтар келе алады. Әуе кемелері рейстерді жыл бойы және тәуліктің кез келген уақытында орындай алады.

Жөндеу кезінде әуежай штаттық режимде жұмыс істейтін болады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Агата Мухамеджанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT