+7 (701) 759 90 19
USD 426.99 EUR 514.35
RUB 5.72 CNY 65.96
Jańalyqtar

Балқаш ауданындағы өрт ошақтарын құтқарушылар әуеден бақылауға кірісті

2021 жылғы 16 сәуір 19:02
Бөлісіңіз:
Балқаш ауданындағы өрт ошақтарын құтқарушылар әуеден бақылауға кірісті

БАЛҚАШ АУДАНЫ. ҚазАқпарат - Алматы облысының ТЖД Балқаш ауданындағы өртті сөндіру жалғасып жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
ШҚО-да өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзған 180-нен астам адам жауапқа тартылды ШҚО тұрғыны отқа оранған пәтерден екі баланы аман алып шықты Төтенше жағдайлар департаменті елордадағы дәмханада өрттің шығуы себебін айтты

Департаменттің баспасөз қызметінің мәліметінше, 16 сәуірде Желтораңғы ауылдық округіндегі дала өрті сөндірілді. Еске сала кетсейк, Желтораңғы ауылынан 25 шақырым жерде шамамен 45 гектар жерде құрғақ шөп пен қамыс өртенген болатын.

Бүгінгі жағдай бойынша 15 сәуірде басталған құрғақ шөп пен қамыстың жану ошағы Ақкөл және Жиделі ауылдық округтерінде тіркелді. Үшінші ошақ 15 сәуірде басталған Қарой ауылының маңында басталған.

Балқаш ауданында өртті сөндіруге Алматы облысы ТЖД, Орман шаруашылығы, Қазавиаорманқорғау және жергілікті атқарушы органдардың 94 адамы мен 6 техникасы жұмылдырылды. Жану алаңы әлі де нақтыланып жатыр.

Тәулігіне екі рет Қазавиаорманқорғау қызметкерлері аудан аумағындағы жану ошақтарын аэровизуалды тексереді.

10-15 сәуір аралығында қамыс пен қураған ағаштың жануы салдарынан Балқаш ауданының шаруа қожалықтары мен демалыс базалары өрттен зардап шекті.

Қарой ауылынан 65 шақырым жерде Іле өзенінің төменгі ағысында шаруа қожалықтарының бірінің аумағында жалпы ауданы 400 шаршы метр 4 қонақ үй, балық қоймасы, 2 қайық, 1 мотор өртенді. Құрғақ шөптің жану алаңы анықталып жатыр. Өртті шаруа қожалығының қызметкерлері сөндірді. Нәтижесінде шаруа қожалығының жұмысшысы, 1959 жылы туған ер адамның беті мен қолын күйік шалған (10%). Жағдайы орташа дәрежеде, Алматы қаласының төртінші қалалық ауруханасына жатқызылды.


12-14 сәуір аралығында Желтораңғы ауылдық округінде өрттен 5 шаруа қожалығы зардап шекті. Өрттен 2 қалқа, 3 уақытша – қора, УАЗ автокөлігі жанып кетті. Сондай-ақ, 11 жылқы мен басқа да мал өртенді. Оның нақты саны нақтыланып жатыр. Сондай-ақ Қарой ауылдық округінің Жиделі ауылынан 25 шақырым жерде демалыс аймақтарының бірінің аумағында 3 моторлы қайық өртеніп кетті.

Қазір құрылған облыстық комиссия өрттің жалпы ауданы және келтірілген материалдық залалды есептеп жатыр.

Алматы облысының ТЖД азаматтарды өрт қауіпті кезеңде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аяулым Алтынбек

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT