Балқан елдерінде Дәулеткерей мен Махамбеттің күйлері орындалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ТҮРКСОЙ Жастар камералық оркестрі Түркі мәдениетін және өнерін дамыту халықаралық ұйымының 25 жылдығына орай Балқан түбегінде ұйымдастырған гастроль турнесін Боснияның Зеница қаласында аяқтады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ТҮРКСОЙ-дың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

23 шілдеде басталған турне аясында оркестр Балқан түбегінің үш елінде 6 концерт берді. Концерттер Приштина, Призрен, Цетин, Мостар, Сараево және Зеница қалаларында болды.

nullБиыл оркестрдің құрамы Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия және Түрікменстанның дарынды музыканттарымен толықты. Дирижері - әзербайжандық маэстро Мұстафа Мехмандаров.

nullТурнеде оркестр әлемдік классика туындыларымен қатар, қазақтың әйгілі ақыны Махамбеттің туындысын, қазақ халық композиторы Дәулеткерей Шығайұлының «Көрұғлы» күйін орындады.

nullТҮРКСОЙ бас хатшысы Дүйсен Қасейінов Балқан турнесі туралы айта келе, оның сәтті болғанын айтты.

null«ТҮРКСОЙ Жастар камералық оркестрінің турнесін тамашалауға туысқан халықтардың өкілдері, сонымен қатар түркі мәдениеті мен өнеріне тәнті адамдар көптеп жиналды. Биыл Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымының 25 жылдығын тойлап жатырмыз. Ширек ғасырдан бері халықаралық мәдение ынтымақтастық ұйымы түрлі халықтар арасында достық көпірін салып, мәдени жақындастырып келеді», - деді ол.

null

Соңғы жаңалықтар