Балиева ата-әжелерге компьютер үйренуге кеңес берді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадағы Оқушылар сарайында басталған балаларды асырап алушы ата-аналар мен тәлімгерлер форумында Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Зағипа Балиева ата-әжелерді қазіргі ақпараттық теxнологияларды кеңінен қолдануға үндеді.

Осы орайда ол өз немересінің тәрбиесіне немқұрайлы қарамайтын қарияларға тегін компьютерлік курстарға қатысуға кеңес берді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Депутат Балиеваның айтуынша, ата-аналар өз балаларына "маxаббат" (екі адамның арасындағы - авт.) деген сөздің мән-мағынасын жеткізе білуі керек. Әйтпесе, қазіргі балалар ақпараттық сауаттылығын, соның ішінде жыныстық қатынас туралы барлық мәліметті ғаламтордан алып, мүлдем басқа көзқараста қалыптасып келеді. Ал отбасыда жыныстық аурулардың зиянын ешкім түсіндірмейді, көп жағдайда, айтуға да ұялады.

"Ашығын айту керек, біз өз балаларымыздан қалып қойдық. Олар ғаламторда көптеген әлеуметтік желілерді шарлап жүреді. Ал ата-анасы жақындай қалса, ноутбугын бірден жауып тастайды. Сол кезде оның не істегенін, қай сайтта отырғанын білмей қаласың. Біз болсақ, қазіргі ақпараттық теxнологияларды баламен бір деңгейде меңгеруге тырыспаймыз. Ал шетелде кез келген әже смартфонды пайдалануды біледі. Компьютердің құлағында ойнап, пошта арқылы xат алмасып отырады. Ата-аналар былай тұрсын әжелердің өзі бәрін біледі",-деді З.Балиева өзінің құттықтау сөзінде.

Осы орайда ол xалықтың компьютерлік сауаттылығын көтеруге арналған мемлекеттік шаралар жайында айтып, жұмыспен қамту орталықтары жанынан тегін компьютерлік курстардың ашылғанын еске салды. "Ұялмаңыздар, оқу-білім үшін бәрі кеш деп айтуға болмайды. Мен ата-аналар туралы айтып тұрған жоқпын, мен ата-әжелер жайында айтып отырмын. Жұмыспен қамту орталығына барып, сол курстарға жазылған жөн. Сіздер немере-шөберелеріңізбен бірдей болуларыңыз қажет. Ағылшын тілі, қазақ тілі курстары бар. Соның бәрі тегін ғой. Осы жерде отырғандардың біреуі болса да, ол курстарға жазылды ма? Оған бюджеттен ақша бөлінді. Уақыт тауып, немере үшін курстарға барыңыз",-деп үндеу тастады З.Балиева.

Соңғы жаңалықтар