Балет өнерін шынайы бағалаушы қауым Алматыда

None
None
АЛМАТЫ.ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда «Astana Ballet» театры гастрольдік қойылымын қоймақ. Қаладағы Абай атындағы Опера және балет театрында елордалық жас өнерпаздардың өнерін тамашалауға оңтүстік астананың өнерсүйер қауымы түгел жиналды.

«Біз бүгін қатты қобалжып тұрмыз. Өйткені, балет өнерін сүйіп көретін қауым Алматыда шоғырланған. Би өнерініңі майталмандары да Алматыда. «Astana Ballet» - жаңадан құрылған имидждік ұжым. Жаңадан құрылсақ та Шанхай, Бейжің, Өскемен қалаларында гастрольдік сапармен болдық. Бүгін біз әлем билерінің топтамасын алып келдік. Бұл бағыт біздің әрқырлылығымызды көрсетеді деп ойлаймын. Өнердің әр қырынан табылғымыз келеді», - деді театр әртісі Зере Исмаилова.

Театрдың басбалетмейстері Айгүл Тәти өзінің шәкірттерінің қойылымды мүлтіксіз орындап шығарына сенімі мол.

«Аз уақыт ішінде біздің театр үлкен жетістіктерге жетті. Әлемнің классикалық туындылары мен қазіргі заман өнерінің тенденцияларын қатар алып жүру оңай емес. Туындыны балетмейстер, хореограф, репититорлардың қоюы - бір төбе, оны халыққа жеткізу- бір төбе. Біз осы бағытта күндіз-түні еңбек еттік. Алматының өнерсүйер қауымының назарына репертуарымыздағы таңдаулы билерді алып келдік. Бағасын халық бере жатар», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар