«Балауса» мектеп жасына дейінгі балаларға арналған әдеби шығармалар бәйгесінің қорытындысы жарияланды

None
None
АЛМАТЫ. 2 сәуір. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыдағы Ғабит Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспрімдер театрында мектеп жасына дейінгі балаларға арналған әдеби шығармаларға жарияланған республикалық «Балауса» бәйгесінің жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Қазақмыс тобы мен Қазақстан жазушылар одағы бірлесіп ұйымдастырған бұл додаға Қазақстан жазушылар одағы төрағасының бірінші орынбасары, ақын Ғалым Жайлыбай бастаған қазылар алқасы төрағалық жасады. Оған республиканың түкпір-түкпірінен 150 автор 200-ге жуық шығармасын жіберіпті. Бірнеше кезеңнен тұратын сайыстың ақтық сынына олардың 30-ы жіберіліп, Қастек Баянбай бас жүлдені иеленді. Ал 1-ші орынды Думан Рамазанұлы, 2-ші орынды Шәкен Күмісбайұлы мен Ертай Ашықбаев, 3-ші орынды Ерлік Сейдахмет, Ділдар Мамырбаева мен Байбота Қошым-Ноғай өзара бөлісті.

«Менің әдебиетке әуестігім мектептен басталды. Алдымен жазғандарым қабырға газетіне басылып, одан кейін аудандық, облыстық газетке шыға бастады. 24 жыл ғұмырым балдалар кітаптарын шығаруға арналған екен. Бұған дейін де түрлі әдебиет байқауларына қатыстым. Бұл бәйгеге «Жак пен Кай» деген әңгімемді ұсынғам», - дейді Қ.Баянбай. Оның айтуынша, әңгіме оқиғасы шынайы өмірден алынған. Ондағы басты кейіпкерлер Жақсылық пен Қайрат деген қаланың балалары. Жак пен Кай олардың өз орталарында қысқартып айтатын аттары. Бұл әңгіме олардың достығына арналған.

«Балалар әдебиетінің қазіргі жағдайы жанымызды ауыртады. Онда бұрынғы тәртіптің бәрі жойылды, қазір талғам, сын, рецензияның бірі де жоқ. Баспалар кім ақшасын төлесе соның кітабын басып шығарып, оны күнкөріс көзінем айналдырды», - дейді Қастек Баянбай. 24 жыл бойы баспа саласында қызмет жасаған қаламгердің айтуынша, жақсы мен жаманды оқырман өзі айырады деп отыра беруге болмайды. Оны адамды рухани тұрғыдан байытатын құндылық деп қарап, қорғап, бағалай білу керек.

Соңғы жаңалықтар