Баласының тәртібін қолға алмай отырған 33 ата-анаға қатысты әкімшілік іс қозғалды - Алматы

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы полициясы «Отбасы-Жасөспірім-Көше» үшкүндік акциясын қорытындылады. Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

«Осы уақыт аралығында түрлі құқықбұзушылық жасағаны үшін 266 жасөспірім ішкі органдарға жеткізілді. Олардың ішінде 36 бала ешкімі жоқ болған соң көше кезіп жүрген. 23 жасөспірім әрі қарай ата-анасының кім екендігін анықтау үшін Кәмелеттік жасқа толмағандарды бейімдеу орталығына жеткізілді. Сонымен қатар, тәртіп бұзушы 37 бала мен өз баласын тәрбиелеуден қашып отырған 45 ата-ана есепке алынды. Олардың ішінде баласын түнгі уақытта қадағаламай еркіне жібере салған 33 ата-анаға қатысты әкімшілік іс қозғалып, мамандандырылған ауданаралық сотқа жіберілді», - деді ІІД әкімшілік полиция басқармасының ювенальды полиция бөлімінің басшысы Ләйла Әліпбаева.

Қалалық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Алматыдағы 7 компьютер клубының басшылығы кәмелеттік жасқа толмаған балаларды түнгі уақытта кіргізгені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Соңғы жаңалықтар