+7 (701) 759 90 19
USD 388.07 EUR 427.54
RUB 6.08 CNY 55.36
Jańalyqtar

Баласының еміне ақша жинап жатқан келіншек алаяққа алданды

2019 жылғы 16 қазан 23:46
Бөлісіңіз:
Баласының еміне ақша жинап жатқан келіншек алаяққа алданды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада ер адам баласының еміне ақша жинап жатқан әйелді алдап, 400 мың теңгесін иемденген. Бұл туралы Астана қалалық сотынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

2018-2019 жылдар аралығында ер адам «OLX» сайтында жер учаскелерін сататыны жөнінде жалған хабарландыру орналастырған. Алданған елорда тұрғындары оған жердің ақшасын аударып келген.

Сондай-ақ 2019 жылдың ақпанында азамат К. Instagram-да науқас балаға ақша жиналып жатқаны туралы жазбаны көріп, баланың анасына хабарласқан. Өзін жер комитетінің қызметкері ретінде таныстырып, көмек көрсеткісі келетінін және жер учаскесін әйелдің атына ауыстырып беретінін айтқан. Ал ол жерді кейін сатып, ұлының емін төлей алатынын және жеткізген.

«Перзентін емдегісі келген әйел алданып, ұсынысқа келіскен және өзінің танысы арқылы К.-ға 400 мың теңге берген», - деді соттан.

№2 Алматы аудандық сотының үкімімен ер адам 4 жылға бас бостандығынан айырылды.

«Соттың осы үкімімен зардап шеккендерге материалдық шығын ретінде 3 млн теңгеден астам сома өндіріп алынды», - делінген сот мәліметінде.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Мира Төлендіқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT