Баласының басын жарған әке тағы 15 күн қамауда отыратын болды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда баласының басын таспен жарған Мұрат Асқароглыны бұлтартпау шарасы тағы 15 күнге созылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық мамандандырылған тергеу соты ҚР ҚК 24-бабының 3-бөлімімен, 99-бабының 2-бөлімімен тергеліп жатқан күдіктіні қамауда ұстау мерзімін 15 тәулікке созды. Яғни, ер адам 15 желтоқсанға дейін қамауда болады. Уақыт қылмыстық іс материалдарымен танысу үшін созылды», - деді қалалық соттың баспасөз қызметінен.

Еске сала кетейік, қайғылы оқиға 16 шілде күні Одесская мен Брянская көшесінің қиылысында орын алған болатын. Тұрғындар тал түбінен 4 жасар баланы тауып алған. Бала шала-жансар күйінде шұғыл ауруханаға жеткізіліп, ота жасалды. Алматы полициясы жантүршігерлік оқиғаға күдікті ретінде баланың әкесін ұстады.  Мұрат Асқароглы өзінің кінәсін мойындап, қазақстандықтардан кешірім сұрады. Ер адам мастықтан есеңгіреп тұрғанда баласының қыңқыл-сыңқылын көтере алмай, таспен самайынан бір-ақ ұрған.

 

Соңғы жаңалықтар