+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Баласына екпе салдырмаған ата-анаға жауапкершілік қарастырыла ма - министр жауап берді

2019 жылғы 17 қазан 12:54
Бөлісіңіз:
Баласына екпе салдырмаған ата-анаға жауапкершілік қарастырыла ма - министр жауап берді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Баласына екпе салдырмайтын ата-аналар саны артып келеді. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда 27 мың 597 адам коронавирустан ем алып жатыр – министрлік ҚР әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі: Заңнамаға қандай өзгерістер енгізілді Денсаулығына байланысты таға алмайтын адамдарға маска тақпауға болады – Алексей Цой

«Бұл өте маңызды мәселе, көп жылдан бері талқылап келе жатырмыз. Әсіресе, екі жылдың ішінде халықпен көп талқылау болды. Қазіргі уақытта кодекстің жаңа жобасына осындай ұсыныс енгізіп отырмыз. Әрине, бұл мәселе тек осы нормамен шешілмейді. Өкінішке орай, екпеден бас тартқан ата-аналардың саны көбейіп тұр. Шындығын айту керек, қазіргі уақытта халықтың денсаулығына, экологияға байланысты медициналық қарсы көрсетілім саны артып келеді. Оған түрлі аллергиялар себеп. Ол балаларды да ойлаумыз керек. Неврологиялық науқас балаларға да екпе салынбайды», - деді Елжан Біртанов.

Оның дерегінше, қызылшамен ең көп ауырған балалардың, сондай-ақ өкінішке орай қаза тапқан балалардың көпшілігі екпе салдырмаған.

«Біріншіден, ата-аналар балаларының денсаулығын ойлауы тиіс. Екіншіден, басқа да балалардың, азаматтардың денсаулығы үшін (екпе салдырмаған балаларды мектепке дейінгі ұйымға жіберуден) бас тартуымыз қажет», - деді ол

Министрдің айтуынша, жаңа кодексте баласына екпе салдырмаған ата-аналарға әкімшілік жауапкершілік қарастырылмаған.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT