Баласына алимент төлемей қашып жүрген шетел азаматы Екібастұздан табылды

Фото: None
ЕКІБАСТҰЗ. ҚазАқпарат - Екібастұз полицейлері мас болып ВАЗ 21124 автокөлігін айдап келе жатқан 43 жастағы ер адамды ұстады. Оның мас екенін медициналық куәландыру қорытындысы растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Тексеру кезінде Беларусь азаматының жүргізуші куәлігі жоқ екені белгілі болды.

Сонымен қатар ол кәмелетке толмаған ұлына алимент төлемегені үшін Беларусь Республикасы Қылмыстық кодексінің 174-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс аясында мемлекетаралық іздеуде болған.

Аталған факті бойынша құқықтық тәртіп сақшылары Әкiмшiлiк құқық бұзу кодексiнiң 608-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырып, шешім қабылдау үшін сотқа жолдады.

Сот оны кінәлі деп танып, 20 тәулікке қамауға алды.

Екібастұз қалалық соты Беларусь азаматын Қазақстан аумағынан шығарып жіберу туралы өтінішті қанағаттандырды.

- 7 тамызда Екібастұз полицейлері аталған азаматты «Нұр-Сұлтан – Минск» әуе рейсімен елден шығарып жіберді, - деп атап өтті Екібастұз қаласы ПБ бастығының міндетін атқарушы Төлеген Құдайбергенов.


Соңғы жаңалықтар