+7 (701) 759 90 19
USD 385.55 EUR 426.57
RUB 6.05 CNY 54.77
Jańalyqtar

Баласын ұрып талдырған әкенің сотында шу шықты

2019 жылғы 11 қыркүйек 13:04
Бөлісіңіз:
Баласын ұрып талдырған әкенің сотында шу шықты

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда 4,5 жастағы ұлын ұрып талдырды деген күдікпен ұсталған әке Мұрат Асқароғлыға қатысты сот үкімі болмай қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

Сот алдында өз баласын ұрып өлтірмек болды деген күдікпен әкесі жауап беріп жатыр.

Жарыссөз кезінде прокурор оны 11 жыл 3 ай бас бостандығынан айыру туралы жаза сұраған болатын.

Сот үкімі алқа билер қатысуымен өтті. Судья үкімді оқи бастаған сәтте туыстары айғай-шу көтеріп жіберді. Сондықтан, судья залдан шығып кетуге мәжбүр болды.

Еске сала кетейік, қайғылы оқиға 16 шілде күні Одесская мен Брянская көшелерінің қиылысында болды. Тұрғындар тал түбінен 4,5 жасар баланы тауып алған. Бала шала-жансар күйінде шұғыл ауруханаға жеткізіліп, ота жасалды.

Алматы полициясы жантүршігерлік оқиғаға күдікті ретінде баланың әкесін ұстады. Мұрат Асқароғлы өзінің кінәсін мойындап, қазақстандықтардан кешірім сұрады.

Ер адам мастықтан есеңгіреп тұрғанда баласының қыңқыл-сыңқылын көтере алмай, таспен самайынан бір-ақ ұрған.

Мұрат Асқароғлы ҚР ҚК 99-бабының 2-бөлімі 3-тармағымен («Дәрменсіз адамды өлтіруге оқталғаны үшін») және ҚР ҚК 24-бабының 3-бөлімімен айыпталуда.

Судья бұл істі тоқтатып, қайта тергеуге жіберген болатын.

Биыл сәуірде іс қайта жалғасты.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Алматы, Сот, Оқиға, Заң,
Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT