Баласын таспен ұрған әке 2 айға қамалды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда баласын таспен ұрған әке Мұрат Асқароглы 2 айға қамалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Бұлтартпау шарасы туралы санкцияны Алматы ауданаралық қылмыстық соты шығарды. 

«Қылмыстық кодекстің 106-бабы бойынша ұсталған Мұрат Асқароглын сот ҚР ҚК бұлтартпау шарасы ретінде 2 айға қамауға алу туралы шешім шығарды», - деді баспасөз қызметінен. 

Еске сала кетейік, қайғылы оқиға 16-шілде күні Одесская мен Брянская көшесінің қиылысында орын алған болатын. Тұрғындар тал түбінен 4 жасар баланы тауып алған. Бала шала жансар күйінде шұғыл ауруханаға жеткізіліп, ота жасалды.

Алматы полициясы жантүршігерлік оқиғаға күдікті ретінде баланың әкесін ұстаған болатын. 

Баланың әкесі Мұрат Асқароглы өзінің кінәсін мойындап, қазақстандықтардан кешірім сұрады. Ер адам мастықтан есеңгіреп тұрғанда баласның қыңқыл-сыңқылын көтере алмай, таспен самайынан бір-ақ ұрған. 

Соңғы жаңалықтар