Баласын грантқа түсірмек болған ақтөбелік 1,3 млн теңгесінен айырылды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе қаласының тұрғыны полициядан көмек сұрады. Ол баласын грантқа оқуға түсірмек болып, 1,3 миллион теңге ақшасынан айырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе қаласының 40 жастағы тұрғыны алаяқтың құрбаны болды. Ол 2- шілде күні бейтаныс адамға қолында бар ақшасын ұстатып жіберген.

«40 жастағы ақтөбелік бейтаныс адаммен дәмханада кездесіп, келіскен. Күдікті қаладағы университеттерінің біріне «ақысыз бөлімге» оқуға түсуге жәрдемдесетінін айтып, қызметі үшін 1 300 000 теңге көлемінде сыйақы алды. Жедел-іздестіру барысында полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтады. Ол Ақтөбе қаласының 44 жастағы тұрғыны болып шықты», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің «Алаяқтық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды.


Соңғы жаңалықтар