+7 (701) 759 90 19
USD 389.98 EUR 434.01
RUB 6.10 CNY 55.04
Jańalyqtar

Баласы сабаққа бармаған ата-анаға айыппұл салына ма - министр жауабы

2019 жылғы 4 маусым 11:55
Бөлісіңіз:
Баласы сабаққа бармаған ата-анаға айыппұл салына ма - министр жауабы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова баласы сабаққа бармайтын ата-аналарға айыппұл салуға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жалпы, айыппұл балаларын мектепке жібермейтін ата-аналарға арналған. Өкінішке орай, мұндай проблема тек бірінші сыныпта ғана бар. Дегенмен өзге де сыныптарда кездесіп жатады. Сондықтан проблеманың бір жағын шешіп жатсаң екінші жағы шыға келеді. Бірақ, барлығына бірдей айыппұл салу туралы сөз болып отырған жоқ. Әр мәселе жеке-жеке қаралатын болады», - деді Күләш Шәмшидинова бүгін Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.

Естеріңізге сала кетсек, осы жылдың басында WhatsApp мессенджері арқылы «Білім министрлігінің бұйрығына сәйкес сабақтан себепсіз қалған оқушылардың ата-аналары мемлекет қазынасына 15883 теңге айыппұл төлейді» деген хабарлама тарап, ата-аналардың ренішін туғызған болатын.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT