«Balapan» телеарнасында 10 сериялы әл-Фараби туралы анимациялық телехикая көрсетіледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай балаларға арналған «Әл-Фараби» анимациялық телехикаясы жарыққа шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне сілтеме жасап.

«Balapan» телеарнасы Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай балаларға арналған «Әл-Фараби» телехикаясын жарыққа шығарды.

2D техникасында жасалған телехикаяның жобасына әрқайсысы 8 минуттан тұратын 10 серия кірді.
Онда балалар атақты жерлесі, ғылымның дамуына елеулі үлес қосқан, әлемге танымал ғалым және философ Әбу Насыр әл-Фарабидің өмірі мен оның ғылыми жетістіктерімен танысуға мүмкіндік алады. Жобада ғұламаның балалық шағы, ғылымға келу жолы кеңінен суреттеледі.
«Балалардың ел тарихын білуге, сондай-ақ Әл-Фарабидің ғалым мен ағартушы ретіндегі образы арқылы бүлдіршіндердің ғылымға деген ұмтылысын оятатындай білім беретін телехикаяны жасауды мақсат көрдік», - дейді «Balapan» телеарнасының директоры Мақпал Жұмабай.
Жобаның басты мақсаты - мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалар арасында ғылыми білімның маңыздылығын насихаттау.
Анимациялық телехикая Нұр-Сұлтан уақытымен 20:30, 23:00-де дүйсенбіден жұмаға дейін «Balapan» телеарнасында көрсетіледі.


Соңғы жаңалықтар